Компания

ADDING VALUE – СТРАТЕГИЯЛЫҚ НАҚТЫЛЫҚ АРҚЫЛЫ.

Біз тағам өндірісі және фармацевтика саласының құрамдастарына ерекше ден қойып қараймыз және 1945 жылдан бері жаңа, инновациялық әдістерді анықтауға күш салып келеміз. Бұл стратегияның есесі қайтты. Штаб-пәтері Австрияның Рид-им-Иннкрайс қаласында орналасқан және 23 еншілес бөлімшесі бар KUK бүгінгі күні Еуропаның, Орталық Азияның және Шығыс Африканың бұл салаларындағы ең танымал жабдықтаушы болып табылады. Біздің мақсатымыз - таңдаулы құрамдастардың халықаралық деңгейде белгілі жабдықтаушылар мен ең жоғарғы сапа талаптарын ұстанатын тағам және дәрі-дәрмек өндірушілерінің арасында байланыстырушы қызметін атқару. Белгілі бір аймақта, жергілікті тілде қызмет ұсына отырып, шешім сарапшылары тобының қолдауына иеміз.

ФИЛОСОФИЯ

ADDING VALUE – ЕРЕКШЕ ТӘСІЛДЕРІМІЗБЕН.

KUK - бұл бір мақсатты ұстанған үш әріп. Құрамдас сарапшылары, өнім өндірушілері мен ақырғы тұтынушылар арасында құндылықты арттыратын байланыстырушы болу. Қандай тараппен болмасын жұмысты бастаған кезде, біз оған қатысты толық көріністі өз ойымызда қалыптастырамыз. Сұрақтар қоямыз. Зерттеу жұмыстарын жүргіземіз. Өзіміздің тәжірибемізді тұтынушылардың нақты қажеттіліктеріне сай келетін мінсіз шешім табылғанша бейімдейміз. Тапсырма ерекше болған сайын, біздің тәсілдемеміз инновациялана түседі - екеуі де шартсыз икемді және тек қана болашаққа негізделеді.

Тарих

ADDING VALUE - Жаңашыл көзқарас.

Біз нарықтың қажеттіліктерін сезінеміз, бұл өзгелер өзгерістерге жаңа ғана кірісіп жатқан кезде біз трендтерді болжау арқылы бұл нарықтан табылатынымызды білдіреді. KUK компаниясының негізін қалаушылар – Крист, Ульрих және Kёссл – жасанды балды соғыстан кейінгі кезеңдегі нарыққа шығарып, нарықта біршама қобалжу мен толқу тудырған болатын. Содан соң компания пектин өндірісін бастау арқылы алдағы жетістіктердің негізін қалады.

>> толығырақ

1950

Топқа стратегиялық ойлау қабілеті бар жаңа мүше қосылды: Герберт Карш пектин саудасына жетекшілік етіп, іскерлік саланың болашағын көре білді, стратегиялық тұрғыдан маңызды мезетте компанияның негізгі шаруашылық бағытын өндірістен өзге бағдарға бұрды. Компания өз тәжірибесін тағам өндіріс саласына арналған құрамдастарды сатуда қолдана бастады.

1984

Aнтон Kирчтаг топқа қосылды. Келесі бірнеше жыл ішінде ол Шығыс Еуропадағы жаңа ашуларға іскерлік әрекетті интернационалдандыру арқылы жауап қайтарды, бұл көп көлемді делдалдық желілердің жаңа трендтеріне жақындатар қадам болатын. Оның басшылығымен KUK мемлекеттер шеңберінде емес, аймақтар шеңберінде ойлай бастады, бұл KUKализацияландыру деген атауға ие болды.

1990

25 өкілдік орталығы бар KUK компаниясы Австрияның жетекші делдарының бірі болды. 1993 жылы компания венгриялық нарыққа кірді және өзін Австрия шекарасынан тыс сауда қатынастарын жүргізе алатын аймақаралық компания ретінде көрсетті. Содан соң, 1994 жылы өзінің алғашқы еншілес компаниясын - KUK-Bohemia компаниясын - Прага қаласында ашты. Бұл білікті сарапшылар тобын шығыс еуропалық нарықта еркін таратудың алғашқы қадамы болды.

1995

Антон Кирчтаг "функционалдық тағамға" арналған жаңа трендті анықтаушылардың қатарында болып, бұл жолы да ізашар атанды. Ол компанияның шаруашылық аясын кеңейтіп, бүгінгі күні KUK жетекші делдалы болып табылатын саланы - нутрицевтикалық және фармацевтикалық құрамдастарды енгізді. 2001 жылға қарай компанияның еншілес компаниялары Чех Республикасында, Венгрия, Словения, Румыния, Болгария, Сербия, Хорватия және Словакия мемлекеттерінде болды.

2007

Бұл кезеңде KUK Орталық және Шығыс Еуропадағы ең ірі төрт нарықта - Германия, Польша, Украина және Ресейде, сондай-ақ Қазақстанда аяғын нық басып тұрған еді. Kaтрин Кирчтаг компанияға 2010 жылы қосылып, KUK тобын сандық даму кезеңіне өтуге жетелеп, оның Еуропадағы болашағын нығайта түсті.

2014

KUK Албания және Македонияда еншілес компанияларын ашты, бұған қоса сынақтар жүргізетін зертханалар барлық KUK кеңселерінің жанында ашылды.

2016

KUK өзге де жетістіктерге қол жеткізді: Венгрияның Дьер қаласында, Украинаның Киев қаласында жаңа қолданым орталықтары ашылды, бұл компанияға арнайы жабдықталған зертханаларда өз білімін пайдаланып, тұтынушылар мен жеткізушілерге ұсынылатын қызметті одан әрі жақсартуға мүмкіндік береді. Жаңадан енгізілген құрылғылар әлдеқайда күрделі, техникалық тұрғыдан оңай орындала қоймайтын өндірістік үдерістерді алға қарай жылжытуға және тұтынушылардың қажеттіліктеріне дәлме-дәл сай келетін шешімдер ойлап табуға жағдай туғызады. Зерттеу, инновация және кәсіпкерлік рух - компанияның даму жоспарының негізгі элементтері.

2019

Нарықтағы өз позициясын одан әрі қарай нығайта отырып, KUK компаниясы Балтия, Грузия және Греция елдерінде жаңа филиалдарын ашты. Сонымен қатар, Венгриядағы Дьер қаласында жаңа қолданбалы бағдарлама және оқыту орталығын ашты. Ауданы 900 м² болатын жаңа алаң заманауи құрал-жабдықтардың кең ассортиментімен, сонымен қатар, кездесулер, идеялармен бөлісу және индивидуалды шешімдерді әзірлеуге арналған орындармен қамтамасыз етілген.

2020

KUK компаниясы Шығыс елдеріндегі алатын орнын ұлғайта отырып, Қырғызстанда өз филиалын ашты және де Батыс Еуропа бағытында маңызды қадам жасау барысында, Бельгияда өз филиалын ашты (Бельгия, Люксесбург және Нидерланды мемлекеттерін қамтиды).

2024

КУК тарихында 2024-ші жыл географиялық кеңістігіміздің ұлғаюы - Шығыс Африкадағы бөлімшенің ашылуымен тікелей байланысты. Кения мемлекетінде КУК-тің іске қосылуы Уганда мен Танзаниядағы жаңа мемлекеттер нарығында өзара іс-қимылдарды тереңдетуге бағытталған маңызды қадам, сонымен қатар зор мүмкіндіктерге жол ашады.

Tоп

ADDING VALUE – СІЗ СЕНІМ АРТА АЛАТЫН БАЙЛАНЫСТАР АРҚЫЛЫ.

Біздің қызметкерлеріміз біздің компаниямыздың көрінісі болып табылады. Сіздің қай елде орналасқаныңызға, қай тілде сөйлейтініңізге қарамастан, олардың барлығы сіздің игілігіңіз үшін біздің ыңғайлы және икемді құрылымымызды пайдалануға 100 пайыз ұмтылады. Бұл - мәдени алшақтықтың біздің корпоративтік мәдениетіміздің ажырамас бөлігі болуының бірден бір себебі. Ол шығармашылықты шыңдайды, әркімнің бастаманы өз қолына алуына үстейді, жергілікті ерекше қажеттіліктерге деген көзқарасымызды ұштайды, ал ол өз кезегінде өзге нарықтарға арналған жаңа инновациялық өнімдерге деген шабытты қамтамасыз етеді. KUK компаниясын ерекше ететін не? Олардың ерекше ойлау қабілеті. Қиындыққа мойымау қасиеті. Барлық жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын тұруы.

Жұмыс орындары

ADDING VALUE – ӨЗГЕЛЕРГЕ ҰҚСАМАЙТЫН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫМЕН.

Жаңа нарықтар, жаңа мүмкіндіктер... Бұлар тек дамып келе жатқан компаниялар үшін ғана емес, жаңа тұлғалар үшін де қолжетімді. Мүмкін, Сіздің де бұған өз үлесіңізді қосқыңыз келетін шығар? KUK тобына кеңселерде тұтынушылар және жеткізушілермен тығыз жұмыс істейтін қызметкер ретінде болсын не зертханаларда жұмыс істейтін тамақтану жөніндегі технолог ретінде болсын не себепті қосылғыңыз келетініңізді бізге айтыңыз. Өзіңіздің жеке оқиғаңызбен бізді шабыттандырып, өзіңіздің инновациялық шешімдеріңізді ойлап табуға қаншалықты берілгендігіңізді көрсетіңіз. Біздің қызығушылығымызды арттырыңыз! Өтінішіңізді jobs@kuk.comэлектрондық поштасына жіберіңіз.

Біздің тұтынушыларымыз үшін

ADDING VALUE – ЖАН-ЖАҚТЫ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ КЕҢЕС АРҚЫЛЫ.

Тағам өндірісі және фармацевтика секілді жақсы дамыған және сұранысы жоғары салалар айтарлықтай сын-тегеурінмен жиі кезігетін өнім өнідірушілердің қызметіне аса тәуелді. Ақырғы өнім әлдеқайда күрделенуде. Ал өнім айналымдары әлдеқайда қысқаруда. Өндірушілер үшін бұл жақсырақ жолды таңдап, жылдам жауап қайтару қажеттігін білдіреді. Сол себепті оларға қолдау көрсете алатын серіктестерге бағытталған шақырулардың үні қарқындап келеді. Біз бұл шақыруды естідік - біз оған жауап бердік. Біздің жан-жақты, әмбебап консалтингтік қызметіміз компаниялардың қажеттіліктерін түбегейлі қанағаттандырып, оларға үдеріс бойы қолдау көрсетеді. Бұл - біздің қызметімізді ұзақ уақыттан бері пайдаланатын тұтынушыларымыз білетін және бағалайтын қосымша артықшылық.

Біздің жеткізушілеріміз үшін

ADDING VALUE – СІЗДІҢ ЖЕРГІЛІКТІ АУТСОРСИНГТІК СЕРІКТЕСІҢІЗ РЕТІНДЕ.

Жаңа нарықтар әлемнің барлық жерінде ашылуда. Бұл көптеген танымал компаниялардың есіктері бірінші дәрежелі жабдықтаушылар үшін ашық дегенді білдіреді. Бұл компаниялар тек қана жоғары сапалы құрамдастарды күтпейді, олар жергілікті аймақта қолдау табуды қалайды. Алуан түрлі өнімдерді ұсынатын өнім өндірушілері үшін бұл бір жағынан мүмкіндік болса, екінші жағынан тегеурін болып табылады. Сізге керегі - бұл қолдауды жергілікті аймаққа жеткізе алатын, сізбен тығыз жұмыс істейтін, икемді, тәжірибелі сату мамандары. KUK өзінің Еуропа, Орталық Азия және Шығыс Африкадағы аутсорсингтік серіктесi ретіндегі рөлін дәл осылай көреді. Өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстырушы ретінде қызмет атқаратын біздің 95+ тағам технологы мамандарымыз өздерін жеткзіушілердің сараптау зертханаларында да, тұтынушылардың өндіру зертханаларында да өз үйіндегідей сезінеді. Бұл қандай артықшылық береді? Бұл екі нысанда өз білімін кедергісіз пайдалану соңғы жаңалықтарды теңі жоқ жалғыз өнімді өндіріп шығаруға мүмкіндік береді. Бұл - жабдықтаушылардың өз істерін біздің кең сату желілеріміз арқылы кеңейтуде бізге арқа сүйеуінің тағы бір себебі. Өйткені, біз бен тұтынушылар арасындағы ұзақ жылдық қарым-қатынас есіктердің біз үшін әрдайым айқара ашық екенін білдіреді.

Сынақ жүргізілетін тағам зертханалары

ADDING VALUE – ИННОВАЦИЯЛЫҚ СЫНАҚ ЖҮРГІЗІЛЕТІН ТАҒАМ ЗЕРТХАНАЛАРЫМЕН.

Біз жеткізушілеріміз ұсынатын жоғары сапалы құрамдастармен олардың зертханаларында танысамыз. Сондай-ақ, біздің сынақ жүргізілетін тағам зертханаларымызда 95+ тағам технологтары өз білімдерін кеңейтіп, жаңа рецепттерді сынайды, аздаған мөлшердегі өнім үлгілерін жасап шығарады. Бұл қызмет біздің тұтынушыларымыздың көңілінен шығуда, өйткені бұл олардың өндіріс басталмас бұрын өнімдердің сапалылығына көз жеткізілетініне сенімді бола алады дегенді білдіреді. Бұл үлгі 21 мемлекетте қолданылып келеді, зертханаларда сынақтар жүргізу және өнім үлгілерін шығару біздің жеткізушілеріміз бен тұтынушыларымызға қатысты құндылықты одан әрі арттыра түседі.

Жеткізушілер

ADDING VALUE – ЖОҒАРЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ЖАБДЫҚТАУШЫЛАР АРҚЫЛЫ.

Біздің жабдықтаушыларымыз - біздің құндылықты арттыруға деген қабілетіміздің басты жандандырушылары. Қатаң қауіпсіздік және сапа талаптарын сақтай отырып, олар жаңа құрамдастарды өз зертханаларында жетілдіреді, олар өз кезегінде бізге тұтынушылармен бірлесе отырып жоғары сапалы, инновациялық өнім жасап шығаруымызға мүмкіндік береді. Жабдықтаушылар өздерінің коммерциялық ұсыныстарымен бізді айрықша аймақта таныстыруға бел буғанда, олар қосымша артықшылыққа қол жеткізеді, яғни Еуропада, Орталық Азияда және Шығыс Африкада 20 000 тұтынушымен қарым-қатынасқа түсуге мүмкіндік алады. Алайда, мұндай шешім оңайлықпен жасалмайды. Содан соң, біздің тағам саласындағы мамандарымыз жабдықтаушылардың зертханаларында тығыз түрде талқылаулар жүргізеді. Жабдықтаушылар өздерінің жоғары сапалы құрамдастары білікті мамандардың қолына түскеніне көз жеткізген соң, көңілдері жайланады. Олар біздің орныққан, бірнеше мемлекетті қамтитын желілерімізді пайдаланады, және де барлық делдалдық және жеткізу қызметтерін KUK өзі орындайды.

>> толығырақ

Тағам құрамдастары

ADDING VALUE – ТАҢДАУЛЫ ТАҒАМ ҚҰРАМДАСТАРЫМЕН.

Арнайы тағам құрамдастарына ерекше назар аудара отырып, жоғары сапалы өнімдердің кең таңдауын ұсынамыз, бұған қоса 95-тан аса тағам саласындағы технологтар сізге сарапшы кеңесін беруге дайын.

>> толығырақ

КРАХМАЛДАР

түрлендірілген және функционалдық табиғи крахмалдар, эмульгаторлар және май алмастырғыш крахмалдар

ГИДРОКОЛЛОИДТАР

каррагинандар, альгинаттар, ксантан шайыры, айлауық шайыры, гуар шайыры, пектиндер, желатиндер, агар агарлар, гуммиарабик, целлюлоза шайыры, Микрокристалдық целлюлоза және оның функционалдық қоспалары

СҮТТЕН ТУЫНДЫ ИНГРЕДИЕНТТЕР

казеинаттар, сарысуға негізделген ингредиенттер, қоспалар, кофе кілегейі, кофе көбіктендіргіштері, май фракциялары

СҮТ ДАҚЫЛДАРЫ ЖӘНЕ ОРТАЛАРЫ

сүт және ірімшік дақылдары, ұлтабарлары және орталары

ШОКОЛАД ӨНІМДЕРІ

какао ұнтағы, - ұнтақталған какао және - какао майы, өнеркәсіптік шоколад, жабындар және толтырмалар, безендіруге және кірістіруге арналған шоколад өнімдері

ӨСІМДІК МАЙЛАРЫ

май ұнтақтары және қабыршықтары, пальма майы негізіндегі жеңсік астар (CBE, CBS, CBR, CBI, қысқартулары) және басқа да өсімдік майлары

ТҮСТЕРІ ЖӘНЕ ДӘМІ

табиғи түстер және бояғыш азық-түлік өнімдері, карамель түсті, ванилин, татымды және тәтті дәм, дәмқосарлар, ірімшік негізіндегі ұнтақтар, ашытқы және ашытқы сығындылары, шай және кофе сығындылары

ЖҰМЫРТҚА ӨНІМДЕРІ

Кристалдандырған және бүркіп кептірілген ақ түсті жұмыртқа ұнтағы, жұмыртқа сарысы - және бүтін жұмыртқа ұнтағы

КӨКӨНІСТЕР МЕН ЖЕМІСТЕР

қатырылған- және ауада кептірілген жемістер, көкөністер, саңырауқұлақтар, ет және балық, жеміс және көкөніс ұнтағы, жеміс пюресі мен шырындары, бұршақ тұқымдас өсімдіктер ұны, шөптер және дәмдеуіштер

ДҮМБІЛТАҒАМДАР

жарма және олардың қоспалары, жаншылған жүгері, соя жаңғақтар, - қауыздары, - жармалары, қуырылған аунатылып кептірілген нан, кесіліп қуырылған нан, балалар тағамының жармалары, гидролизденген ұн

ТӘТТІЛЕНДІРГІШТЕР ЖӘНЕ ҚАНТ

аспартам, ацесульфам K, стевия, ксилитол, лактитол, фруктоза, сирек кездесетін және інжу қанттар, сукралоза, қант ұнтағы және помадалық ұнтағы

ФУНКЦИОНАЛДЫ АҚУЫЗДАР (СҮТ НЕГІЗІНДЕ ЕМЕС)

өсімдік негізді- соя ақуызы, бұршақ ақуызы, күнбағыс ақуызы, бұршақ тұқымдас өсімдіктердің ақуызы, жануар негізді - шошқа шыжығының ұнтағы, коллаген, ет ақуызы, плазма ақуызы

ЭМУЛЬГАТОРЛАР

моно-диглицеридтер, датем, лактам, цитрем, ацетем, простагландин Е, PGPR, SSL, лецитин

АНТИОКСИДАНТТАР

токоферолдар, аскорбилпальмитат, гүлшетен сығындысы, көк шай сіріндісі

БАСҚАЛАР

Етті жабуға арналған нан түйіршіктері, (жылдам) күріш және күріш ұны, уыттың сұйық және құрғақ сығындылары және ұндары, фосфаттар, ферменттер, калий сорбаты, марципан, қант шәрбаты, жылтыратқыш, кондитерлік өнімдерді лакпен жапқыш және майлауға арналған құрамдар, бетаин

Нутрицевтикалық және фармацевтикалық өнімдер

ADDING VALUE – ТАҢДАУЛЫ НУТРИЦЕВТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ӨНІМДЕР АРҚЫЛЫ.

Арнайы нутрицевтикалық және фармацевтикалық өнім құрауыштарына ерекше назар аудара отырып, жоғары сапалы өнімдердің кең таңдауын ұсынамыз, бұған қоса 95-тан аса тағам саласындағы технологтар сізге сарапшы кеңесін беруге дайын.

>> толығырақ

ТОЛТЫРҒЫШТАР (ҚАТТЫ)

Түйіршіктеуге арналған лактоза, тікелей сығымдауға арналған лактоза, таблеткаға арналған пленкалы жабынды құрамы, дезегреганттар, майлау материалдары (стеарин қышқылы, магний стеараты, глицерин дибеенат), фармацевтикалық крахмал, фармацевтикалық изомальт, кальций карбонаттары, фармацевтикалық желатиндер, ксантан

ТОЛТЫРҒЫШТАР (СҰЙЫҚ)

полисорбаттар, сорбитан эфирлері, макрогол стеараттары, орта тізбекті триглицеридтер, жергілікті эмульгаторлар мен қоюландырғыштар, вакцинаның адъюванттары

ДИЕТАЛЫҚ ТАЛШЫҚТАР

инулин, сұйық олигофруктоза, бұршақ талшығы, галактоолигосахаридтер (GOS), төзімді крахмал олигофруктоза

ДӘРУМЕНДЕР ЖӘНЕ МИНЕРАЛДАР

К2 дәрумені, D3 витамині, жоғары биожетімділігі бар мырыш кешені, дәрумендер мен минералды қоспалар, әртүрлі кальций мен магний тұздары

ПРОБИОТИКТЕР

пробиотикалық дақылдар, қоспалар және дайын өнімдер

БУЫНДАРДЫҢ САУЛЫҒЫ

глюкозамин, хондроитин, II типтегі коллаген, гиалурон қышқылына бай кокскомб сығындысы, гидролизденген коллаген / коллаген пептидтері

СҮЙЕКТЕРДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ

К2 дәрумені, D3 дәрумені, кальцийленген Атлант теңіз балдыры, әртүрлі кальций мен магний тұздары, гидролизденген коллаген / коллаген пептидтері

ЖҮРЕК-ҚАН ТАМЫРЛАРЫНЫҢ САУЛЫҒЫ

Табиғи концентрацияланған омега-3 майлары, май және ұнтақ форматындағы омега-3 май қышқылдары, витамин К2

ИММУНДЫҚ ИНГРЕДИЕНТТЕР

Лактоферрин, уыз сүті, D дәрумені, балқарағай сығындысы / арабиногалактандар

СПОРТТЫҚ ТАМАҚТАНУ

L-карнитин, конъюгацияланған линол қышқылы, ZMA минералды тірек кешені, гидролизденген коллаген / коллаген пептидтері, сарысулық протеин, казеинаттар, өсімдік негізіндегі ақуыздар

СҰЛУЛЫҚ ішіндегі

Фито-керамидтер, сезімтал теріге арналған кориандр тұқымы майы, гиалурон қышқылына бай әтеш тарақ сығындысы, гидролизденген коллаген / коллаген пептидтері, уылдырық сығындысы

Байланысу

ADDING VALUE – ЖАУАПКЕРШІЛІГІ МОЛ ҰЖЫММЕН.

Қызығушылығыңызды тудырдық па? Сұрағыңыз бар және оған жылдам жауап алуды қалайсыз ба? Сіздің аймағыңызда орналасқан KUK кеңсесіне не біздің штаб-пәтерімізге хабарласыңыз. Біздің артықшылығымыз қандай? Біз әрдайым 24 сағат ішінде жауап береміз. Біздің қызметкерлеріміздің бірі Сізге хабарласқан кезде оған көзіңіз жетеді.

Locations (KZ)

ADDING VALUE - Тікелей мақсатты аймақта, жергілікті тілде.

Біз кішікентай фирманың икемділігін жәнг орныққан компанияның сенімділігін ұсынамыз. Бұл - біздің әлемнің 33 еліндг сәтті орнығумыздың себебі. KUK компаниясымен жұмыс істеу сіздің ісіңізді түсінетін шынайы адаммен тілдесуді білдіреді. Біз желілік қолдау көрсету қызметін ұсынамыз, сондай-ақ, қысқа уақыт ішіндг кез келген мәселені батылдықпен жәнг табандылықпен шешугг дайынбыз. Қандай да болмасын мәселг инновациялық жолмен шешілмейтіндей ұсақ бола алмайды. Біз қандай құндылықты арттырдық? Сізгг жақындай түсіп, қызметімізді кеңейттік.

Штаб-пәтерлер

KUK-Handels GmbH
Auleiten 4
4910 Ried im Innkreis
Телефон +43 77 52 858 05
Факс +43 77 52 858 05 – 20
Электрондық пошта office@kuk.com

Қазақстан

ТОО «KUK-Kazakhstan» («КУК-Казахстан»)
Сагадат Нурмагаметов көшесi 206
050026 Алматы
Телефон +7 701 220 08 61
Факс +7 701 220 08 61
Электрондық пошта office-kz@kuk.com

Κενύα

KUK - East Africa Ltd.
Office 32, KOFISI 13th Floor, Landmark Plaza building, P.O. Box
51090 Nairobi
Телефон 0708735855
Факс -
Электрондық пошта office-ke@kuk.com

Австрия

KUK-Austria GmbH
Auleiten 4
4910 Ried im Innkreis
Телефон +43 77 52 858 05
Факс +43 77 52 858 05 – 20
Электрондық пошта office-at@kuk.com

Албания

KUK-Albania sh.p.k.
Autostrada Tirane-Durres KM7
1051 Kashar-Tirane
Телефон +355 4 4803429
Факс +355 4 4803429
Электрондық пошта office-al@kuk.com

Бельгия, Нидерланды, Люксембург

KUK-Benelux bv
Philipssite 5/ bus 1
3001 Leuven
Телефон +32 16 79 21 55
Факс
Электрондық пошта office-be@kuk.com

Болгария

KUK-Bulgaria Ltd.
Georgi Benev Str. 3
4027 Plovdiv
Телефон +359 32 946 760
Факс +359 32 967 558
Электрондық пошта office-bg@kuk.com

Венгрия

KUK-Hungaria Kft.
Wesselényi utca 8.
9024 Györ
Телефон +36 96 511 780
Факс +36 96 511 789
Электрондық пошта office-hu@kuk.com

Германия

KUK-Deutschland GmbH
Falltorstrasse 8
76669 Bad Schönborn
Телефон +49 7253 93 49 08 - 0
Факс +49 7253 93 49 08 - 9
Электрондық пошта office-de@kuk.com

Греция

KUK Hellas I.K.E.
183, Siggrou Ave. & Sardeon 1,
17121 Nea Smyrni, Athens
Телефон +30 210 933 96 12
Факс +30 210 933 96 43
Электрондық пошта office-gr@kuk.com

Грузия

KUK-Georgia LLC
Kamani St. 10, Floor 1, Apt. 101
0186 T'bilisi
Телефон +995 32 290 7669
Факс +995 32 290 7669
Электрондық пошта office-ge@kuk.com

Қырғызстан

KUK-KG Ltd.
9 office, 54 A, Maldybaieva
720020 Bishkek
Телефон +996 552 088 884
Факс -
Электрондық пошта office-kg@kuk.com

Литва, Латвия, Эстония

KUK-Baltics UAB
Žalgirio str. 88
09303 Vilnius
Телефон +370 5 277 89 45
Факс
Электрондық пошта office-baltics@kuk.com

Польша

KUK-Polska Sp. z o.o.
ul. Wierzbięcice 49/5
61-547 Poznań
Телефон +48 61 639 77 02
Факс
Электрондық пошта office-pl@kuk.com

Ресей

КУК-Раша ООО
ул. 3-я Хорошевская, 18, корп. 2
123298 Москва
Телефон +7 495 225 45 81
Факс
Электрондық пошта office-ru@kuk.com

Румыния, Молдова

KUK-Romania S.R.L.
Str. Pipera Tunari 61
077190 Voluntari, Jud. Ilfov
Телефон +40 2131 044 65
Факс +40 2131 044 69
Электрондық пошта office-ro@kuk.com

Сербия, Черногория

КУК – Србија д.о.о.
Bulevar Arsenija Čarnojevića 66
11 070 Београд
Телефон +381 11 3089 950
Факс +381 11 3089 970
Электрондық пошта office-rs@kuk.com

Словакия

KUK-Slovakia, s.r.o.
Zvolenská 32
821 09 Bratislava
Телефон +421 905 609 643
Факс +421 2 5810 3412
Электрондық пошта office-sk@kuk.com

Словения

KUK d.o.o. - Slovenia
Vojkova cesta 2
1000 Ljubljana
Телефон +386 1 436 42 92
Факс +386 1 436 42 93
Электрондық пошта office-si@kuk.com

Солтүстік Македония

КУК – Македонија д.о.о.е.л.
bul. Ilinden 105/3-4
1000 Скопје
Телефон +389 2 311 80 82
Факс +389 2 312 01 48
Электрондық пошта office-mk@kuk.com

Украина

ТОВ "КУК-Україна"
вул. Красилівська, 11
03040 м. Київ
Телефон +380 44 459 31 55
Факс +380 44 459 31 56
Электрондық пошта office-ua@kuk.com

Хорватия, Босния және Герцеговина

KUK-Adriatic d.o.o.
Rudeska 160B
10000 Zagreb
Телефон +385 1 3866 014
Факс +385 1 3886 164
Электрондық пошта office-hr@kuk.com

Чех Республикасы

KUK-Bohemia, spol. s r.o.
Vinohradská 90
130 00 Praha 3
Телефон +420 271 730 262
Факс +420 272 191 616
Электрондық пошта office-cz@kuk.com